Размер шрифта:
«Ахмет Байтұрсынұлы және тіл мәдениеті» облыстық брифингі
16-09-2022 15:44
«Ахмет Байтұрсынұлы және тіл мәдениеті» облыстық брифингі

      Ұлт ұстазы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, қазақ руханиятының көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күніне орай 2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қарағанды облысының білім  басқармасы,  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «А.Байтұрсынұлы және тіл мәдениеті» атты облыстық брифинг өтті.

Брифинг мақсаты: ұлт жанашырын дәріптеу арқылы тарихи сананы жаңғырту, мұраларын насихаттау. Брифингке ББД ОӘО әдіскері Жаркеева Г.Б., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Б.А.Қалиев, Р.С.Әбдіғалиқызы, Т.М.Ахметқалиқызы, тарих факультетінің аға оқытушысы Ә.Жағыпар, бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Сердхан Аманбек, Бұқар жырау аудандық «Руханият» қосымша білім беру ұйымының бейнелеу өнері мұғалімі, мәслихат депутаты Акишев А.Н., Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Т. Қанатбаева қатысты. Облыс ұстаздардары мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары ZOOM арқылы қатысып, тамашалады.

Брифинг Қарағанды облысында  ББД ОӘО директоры Абдикерова Бакытгул Химальдиновнаның алғы сөзімен басталды. Жоғарғы оқу орындарының ғалымдары А.Байтұрсынұлы жайлы ғылыми көзқарастармен, тың деректермен бөлісті.

          Шараның соңы онкүндіктің қорытындысы ретінде мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен Ахмет өмірінен сыр шертетін қойылым, шығармаларын мәнерлеп оқуымен «Ахмет - ұлт ұстазы» атты әдеби жәрмеңкеге ұласты. 

          Брифинг ашық микрофонмен қорытындыланды. Брифингке қатысушылар жоғары баға беріп, пікірлерін білдірді.