Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
19-09-2022 09:34
Мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      2022 жылдың 19 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде мамандандырылған мектеп-лицей интернат директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:   

  1. Мамандандырылған мектеп-лицей интернаттар бойынша біліктілік бағалаудан өту кезінде аттестаттациядан өтетін педагогтердің портфолиосындағы кемшіліктер туралы.
  2. Тарих және география мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» облыстық байқауын өткізу туралы.
  3. Облыстық «Педагогикалық сынып» жобасын жүзеге асыру туралы.
  4.  «Әуезов әлемі» облыстық форумын өткізу туралы.
  5. Әртүрлі мәселелер.