Размер шрифта:
ТАРИХ СЕРПІНІ
21-09-2022 11:23
ТАРИХ СЕРПІНІ

      2022 жылы 21 қыркүйекте Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тарих серпіні» облыстық жобасы аясында «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингде Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей- интернатының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

Табынбекова Мейрамгуль Амирбековна, «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Баймухатова Бакыт Хажымуратовна тарих пәні бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға байланысты тапсырмаларымен бөлісті.

Мейрамбеков Аслан Қуанышұлы «Тарих сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» жұмыс тәжірибесімен  бөлісті.

Нетворкингке қатысушылар саны 100 адамды құрады.