Размер шрифта:
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
22-09-2022 17:06
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қыркүйек айының 22-сі күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «Болашақ инженерлер» ұлттық қайырымдылық бағдарламасы;
  • «Қашықтан BOOM» жобасы аясында сауалнамадан өту мониторингі;
  •  UMC_OK мобильді қосымшасының мониторингі;
  • «BeginIT» жобасын іске асыру.

Әдістемелік күнге 24 маман қатысты.