2016 жылдың 19-20 қаңтар күндері Қарағанды облысы білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша көшпелі жиын өткізілді
19-01-2016 08:26
2016 жылдың 19-20 қаңтар күндері Қарағанды облысы білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша көшпелі жиын өткізілді

    2016 жылдың 19-20 қаңтар күндері Қарағанды облысы білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Саран қаласы, Ақтоғай, Шет аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары және мектеп директорларымен ҰБТ-ге дайындық қарсаңында көшпелі жиын өткізді.

    Жиында Саран қаласы, Ақтоғай, Шет аудандары бойынша 2015-2016 оқу жылының жарты жылдық сынақ тестілеу қорытындысы тыңдалды. Оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Ш.Қожахметова жасаған сараптамасында мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындық кезінде жіберген олқылықтарын атап көрсетті.

    Жиын барысында сынақ тестілеуден төмен көрсеткіш көрсеткен мектептің директорлары тыңдалды.

    Жиын қорытындысы бойынша білім бөлімі басшыларына, мектеп директорларына оқушыларды ҰБТ-ға мұқият дайындауда нұсқаулар берілді.