2022 жылдың 27 қыркүйегінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық «GeoInfo навигатор» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында семинар өткізді. Қарағанды қаласының география әдіскері мен мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
«№45 Гимназия» КММ нің география пәнінің мұғалімі, Т.А. Пальмтаг «Google forms қолдану арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалауда интерактивті технологияларды қолдану»тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
«№ 95 мектеп - гимназиясы» КММ нің география пәнінің мұғалімі С. В. Петрова оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жұмыс тәжірибесін көрсетті.
«№3 Гимназия» КММ нің география пәнінің мұғалімі Ю.В. Алтухина «Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін таратты. Барлығы 100 адам қамтылды.