Размер шрифта:
Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту
28-09-2022 04:11
Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту

      2022 жылдың 28 қыркүйегінде облыс колледждерінің жас әдіскерлеріне арналған «Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша ай сайынғы оқыту басталды.

Оқытудың мақсаты - жас мамандарға оқу орнының әдістемелік қызметінің жұмысына бейімделуіне, теориялық білімдерін жетілдіру мәселелеріне практикалық көмек көрсету.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес тәжірибелі педагогтер тыңдаушыларға тақырыптар ұсынды:

  1. «Колледж әдіскері үшін нормативтік-құқықтық негіз», Жуманбаева Қуралай Асылбековна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
  2. «Әдістемелік қызмет: функциялары, мазмұны және нәтижелері», Кашина Елена Александровна, әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері;
  3. Кіру сауалнамасы. «Микрозерттеу «Педагогтың жұмысындағы қиындықтарды зерттеу «Жас маман мектебі». Психологиялық қызметтің ұсыныстары», Козлова Елена Оскаровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы.

Оқыту соңында модератор, ТжКББ бөлімінің меңгерушісі А.А. Кнашина рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Оқытуғ 21 әдіскер қатысты.