2016 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Қаражал қаласының №3 ЖББОМ «Өз тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық семинар өткізілді.
20-01-2016 10:04
2016 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Қаражал қаласының №3 ЖББОМ «Өз тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық семинар өткізілді.

    2016 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша Қаражал қаласының №3 ЖББОМ «Өз тәжірибемізбен бөлісеміз» жобасы аясында «Жаратылыстану-математика пәндері сабақтарында функционалдық сауаттылықты  оқыту» атты облыстық семинар өткізілді.

    Облыстық семинарға Қаражал қаласы және Жанаарқа ауданының жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдері және әдіскерлері қатысты. Қатысушылар саны: 62. Семинар бағдарламасы бойынша жоспарланған 7 шеберлік сыныптар және 4 коучинг өткізілді.Олар: №7 ОМ химия пәні мұғалімі Дюсупова Ж.К., №30 ОМ физика пәні мұғалімі Туребаева К.Х., №3 ОМ биология пәні мұғалімі Сороковенко В.В., №6 ОМ география пәні мұғалімі Ашикбаева А.А., №11ОМ химия пәні мұғалімі Гулько О.Г., №3 ОМ Гавриш Е.В., №1 ОМ биология пәні мұғалімі Сарсекеев Н.Т., №10 биология пәні мұғалімі Салкебаева Ж.А., №30 математика пәні мұғалімі Жиляева Т.В., №7 химия пәні мұғалімі Долженко К.Н., №5 математика пәні мұғалімі Ахметова Ж.Ж., №7 ОМ физика пәні мұғалімі Кожамсеитова З.А сабақтары мен коучингтері оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарына арналып, жоғары әдістемелік және кәсіби деңгейде жүргізді.

    Семинардың қорытындысын шығару сәтінде қатысушылар аталған іс-шараның қазіргі таңдағы сұранымдылығын, тәжірибелік бағытын ерекше атап өтті.

    Қаражал қаласының білім бөлімінің басшысы М.С.Сағымбаева аталған іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.