Размер шрифта:
«Әуезов әлемі» облыстық форумы
28-09-2022 17:44
«Әуезов әлемі» облыстық форумы

      Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеу аясында 2022 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, №1 және №2 «Білім-инновация» лицей-интернаттарының ұйымдастыруымен №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Әуезов әлемі» атты облыстық форум өткізілді.

Форумға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының мұғалімдері, Саран, Теміртау, Шахтинск  қалалары және  Абай, Бұқар жырау аудандарынан  жиырмадан аса  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Форум барысында М.Әуезовтің шығармашылығына арналған  «Құндылықтарға негізделген білім берудің әдіс-тәсілдері» мен ата-аналар жұмысын көрсететін «Әке тағылымы – өмірлік сабақ» атты тәрбие жұмыстары таныстырылды.

          Шеберлік сыныптар бөлімінде «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы, белгілі журналист Индира Тоқмурзина 10-сынып оқушыларымен «Ашық алаң» ток шоуын жүргізді.  ТЕDх форматында оқушылар мен ата-аналар қатысқан зерттеу жұмыстары өткізілді.  РВL әдісі арқылы оқыту және дебат жұмыстары да екі лицей ұжымының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Сыныптан тыс жұмыс бөлімінде №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімдері Г.Егинбаева, М.Хажымұрат, С.Тулеугазина, А.Арифов CLIL әдісі арқылы 4 тілде кіріктірілген ашық сабақ жүргізді.  Сондай-ақ, виртуалды мұражай, суреттер көрмесі және жазушының шығармалар желісі бойынша дайындалған оқушылардың қолөнер туындылары көрсетілді. Форум өнерпаз оқушылардың дайындаған шағын музыкалық кешімен аяқталды.

Рефлексиялық қорытындыда қатысушылар мұғалімдердің озық тәжірибесін, таратылған тәжірибенің практикалық жұмыста жоғары деңгейде өткенін атап өтті.  Форум қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.