2022 жылдың 06 қазанында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог – психологтары арасында «Үздік жыл психологы-2022» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің екінші күні өтті, оған 3-7 жыл жұмыс өтілі бар 14 педагог-психолог қатысты.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз:
І орын– Мырзабек Ахмарал, Абай ауданы, «Қуаныш» мектеп-бөбекжай кешені» КММ;
ІІ орын– Абильдина Ләйлім Нұрланқызы, Қарағанды қ., «Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
III орын– Сагымбекова Динара Жанатбековна, Балқаш қ., «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп» КММ; Нарманова Пердегул Кеңесовна, Приозерск қ., «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
«Кәсіби шығармашылық» номинациясы бойынша грамотамен марапатталады:
- Масс Надежда Гельмудовна, Осакаров ауданы, «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ;
- Адамқожина Бегзат Қайратқызы, Шет ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ.
«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша грамотамен марапатталады:
- Корюкина Марина Васильевна, Шахтинск қ., «№1 Гимназия» КММ.