Мамандандырылған мектеп-лицей интернаттардың директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
2022 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM режимінде ММЛИ директорларына және директордың орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауы туралы.
- Мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарына бөлінген 1500 сағат курстары туралы.
- Оқушылардың сұранысы мен қажеттілігі негізінде бейіндік пәндер мен вариативтік компонентін таңдаудың жолдары.
- Хаттама тапсырмаларының орындалуы:
1.«Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында сауалнама жүргізу мониторингі.
2. Информатика пәнінің жас педагогтарына арналған «Жас-Star» олимпиадасының орындалуы.
3. «Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру мен тәрбиелеу» Республикалық педагогикалық құрылтайына педагогтердің қатысуының нәтижесі.
Қатысушылар саны: 35.