2022 жылдың 12 қазанында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директордың тәрбие орынбасарларына және педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу» атты семинарлары қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.
Семинар спикерлері: Далабаева Гульнар Бакеновна, «Қарағанды облысы конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру, талдау және қарсы насихаттау жұмысы бөлімінің басшысы; Қарсыбекова Жанар Бектеновна,«Қарағанды облысы конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ теологы
Семинар барысында оқушылардың қазіргі жағдайдағы діни радикализм мен экстремизм көріністерінің зияндылығы, деструктивті діни ұйымдардан келетін қауіп туралы түсініктерін қалыптастыру және алдын алу мәселелері қарастырылды.