Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Ақселеу шығармаларындағы ұлттық дүниетаным, ұлттық рух» тақырыбындағы облыстық семинар
12-10-2022 10:04
Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдығына арналған  «Ақселеу шығармаларындағы ұлттық дүниетаным, ұлттық рух» тақырыбындағы облыстық семинар

      2022 жыл 12 қазан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және облыстық Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ ұйымдастыруымен көрнекті әдебиеттанушы ғалым, этнограф, өнер зерттеушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлт руханиятын ұлықтау жолындағы ерен еңбектің иегері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдығына арналған  «Ақселеу шығармаларындағы ұлттық дүниетаным, ұлттық рух» тақырыбындаоблыстық семинарөтті.

Ұлытау облысы Жаңарқа ауданы Ақселеу Сейдімбек атындағы мектебімен бірлесе өткізілетін «Алашқа ортақ тұлға Ақселеу Сейдімбектің тағылымды мұрасы»теле-көпірге  Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жарылғапов Жансая, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ақын  Қойлыбай Асан, Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аға оқытушысы, ғылым магистрі, Ақселеутанушы Әбдіқадырова Айдана және Ернар Ақселеуұлы қатысты.

 Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ тәжірибелі ұстазы Акимбекова Гулзира Зейноллаевна «Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-ана» ертегісін сын тұрғысынан ойлау стратегиялары негізінде оқыту» тақырыбында  өз тәжірибесімен бөлісті.

Шараға облысымыздың 200-ге жуық педагогтері мен оқушылары қатысты.