Көлік және байланыс саласы бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
13-10-2022 14:35
Көлік және байланыс саласы  бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

      2022 жылдың 13  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен  және Қарағанды көлік-технологиялық колледжімен   бірлесіп  көлік және байланыс саласы  бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - көлік және байланыссаласы бойынша ТжКОБК ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 10 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Оспанов Олжас Умиртасвич, «Теміртау индустриалды-технологиялық  колледжі» КММ оқытушысы;

2 орын  - Лавренюк Сергей Степанович,   «Теміртау индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ оқытушысы;

3 орын- Абдырахманов Кайржан Боранкулович, «Шет агротехникалық колледжі» КММ оқытушысы.

Өңірліккезеңде 1 орын алған қатысушы  көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.