2022 жылғы 14 қазанда республикалық педагогикалық Құрылтай шеңберінде «Кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы балалардың болашақ мансабын қалыптастыру» пікірталас алаңының жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ететін оңтайлы нысандар мен әдістерді таңдауды талқылады.
Оқушылардың бойында кәсіби құндылықтар жүйесін қалыптастыру жұмыс тәжірибесімен бөліскен педагогтер: Жетписбаева Жансара Курметовна, Балқаш қаласының « Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ; Ержаканова Любовь Леонидовна, Қостанай қаласы «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК; Тукбаева Лайля Исенгельдиевна, Ерубаева Бахытжан Сериковна, Қарағанды қаласы «А. Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ.; Шыныбаева Маргарита Николаевна, Алматы облысының «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №17 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ; Сембина Гульдана Суюндыковна, Павлодар облысының «Кеменгер жалпы білім беретін мектеп» КММ; Кузнецова Екатерина Валерьевна, Қарағанды қаласы «Гимназия им. Қаныш Сәтбаев» КММ; Тампишева Асел Серикбаевна, Алматы облысының «Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ; Бакиров Саят Еркенович, Қарағанды қаласы «№100 кешкі мектеп» КММ; Жалбырова Айнур Даулетжановна, Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ; Шляхова Елена Владимировна, Теміртау қаласы «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ; Балюк Оксана Сергеевна, Шахтинск қаласы «Березка» бөбекжайы» КМҚК.
Қатысушылар саны: 100.