2022 жылдың 14 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды машина жасау колледжімен бірлесіп инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.
Байқаудың мақсаты - инженерліксала бойынша ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашылық педагогтерін анықтау және қолдау.
Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Байқауға 5 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Дудник Маргарита Георгиевна, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ оқытушысы;
2 орын - Лавренюк Сергей Степанович, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ оқытушысы;
3 орын - Жексенбеков Ерлан Тлеукенович, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі оқытушысы.
Аймақтық кезеңде 1 орын алған Конкурсант инженерліксала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.
Қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.