Размер шрифта:
Инженерлік сала бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
14-10-2022 10:58
Инженерлік сала  бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

      2022 жылдың 14  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды машина жасау колледжімен   бірлесіп  инженерлік сала  бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - инженерліксала бойынша ТжКОБ  ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 5  педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Дудник Маргарита Георгиевна, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ оқытушысы;

2 орын  - Лавренюк Сергей Степанович,  «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»  ЖММ  оқытушысы;

3 орын - Жексенбеков Ерлан Тлеукенович, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі  оқытушысы.

Аймақтық кезеңде 1 орын алған Конкурсант  инженерліксала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.