Размер шрифта:
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ДАМУ МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ САПАЛЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ»
18-10-2022 16:44
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ДАМУ МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ САПАЛЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ»

      2022 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасы мен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Мектепке дейінгі білім мен оқытудың даму моделін жүзеге асыру: мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы құқықтық актілерді түсіндіру.

Кездесудің қатысушылары: Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен маман- педагогтері.

Семинар-кеңес соңында «Сұрақ-жауап» ашық микрофон жүргізілді. Барлығы облыс бойынша 300-ден астам педагог қатысты.