2016 жылдың 23 қаңтарында Абай ауданы инновациялық мектептерінің Ашық есік күні өтті. №10 мектеп-гимназиясы, Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия, №14 мектеп-лицей облысымыздағы инновациялық мектептерден келген әріптестеріне өздерінің жұмысын ұсынды.
Мектеп директорлары өздерінің білім беру ұйымдарының жұмыс жүйесі туралы айтып берді. Қонақтар ашық сабақтарға, мастер – класстарға, коучингтерге қатысты, мектеп үйірмелерінің, оның ішінде, робототехника кабинеті жұмысымен танысты. Абай ауданы мектептерінің оқушылары қатысатын балалар маслихатының кезекті отырысы да өтті.
Қонақтар үш мектептің мұғалімдерінен құрылған хордың, балалардың би ұжымдарының, драма үйірмелерінің өнерлерін тамашалады.
Абай ауданының инновациялық мектептерінде «Оқу шаттығы», «Кәсіби өсу мектебі» атты облыстық жобалар жүзеге асып жатыр, мұғалімдердің желілік қауымдастығы жұмыс істеп, Назарбаев зияткерлік мектептердің іс-тәжірибесін тарату бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.