Медициналық сынып
2022 жылдың 18 қазан күні Қарағанды облысының ББД ОӘО жоспары бойынша «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасының вебинары өтті. Онда Қарағанды қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ педагогтері Хасенова К.М., Балапанова Қ.С. «Медицинаға қадам» жобасы аясында медициналық сыныптарда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар барысында жобаның 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары талқыланды.