«GEOINFO НАВИГАТОР»
19-10-2022 17:17
  «GEOINFO НАВИГАТОР»

      2022 жылдың 19 қазаныңда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы облыстық «GeoInfo навигатор» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында семинар өткізді. Қарағанды қаласының №1 БИЛ және №2 БИЛәдіскері менгеография мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

«№1Білім-инновация лицей-интернаты»КММ, география пәнінің мұғалімі, Ж.Е. Абдрахманова, “Google forms” қолдану арқылы оқушылардың жетістіктерін бағалауда интерактивті технологияларды қолдану»тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

«№2 Білім-инновация лицей-интернаты»КММ, география пәнінің мұғалімі, Азатқызы Қымбат, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін ақпараттық технологияларды қолданудағы  жұмыс тәжірибесін жинақтады.

Барлығы 100 адам қамтылды.