ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2022 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» тақырыбында нетворкинг өткізді. Нетворкинг барысында оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру мен дамытудың түрлі нұсқалары: практикаға бағытталған тапсырмалар, сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар, қазақ тілі, қазақ әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер практикалық тұрғыда талданды.
Нетворкинг барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- Тусупбекова Жанерке Рымбековна,Теміртау қаласы білім бөлімі ӘК әдіскері;
- Алданазарова Маржан Сембиевна, «Теміртау қаласы №27 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- Алданыш Жаныл, «Теміртау қаласы №3 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қатысушылар саны 87 адамды құрады.