Қазіргі кезеңдегі бастауыш және орта музыкалық білім саласының даму үрдісі мен негізгі мәселелерін анықтап, тәжірибе алмасу, музыкалық мектептер мен өнер колледждері арасындағы шығармашылық жұмыстарды дамытып, жолға қою мақсатында №1 Балалар музыкалық мектебінде, 2016 жылдың 23 қаңтарында «Қазіргі замандағы музыкалық білім саласындағы мәселелер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері ЕставлетоваАтыркуль Алгатаевна ашты.
Негізгі конференция тақырыбы аясында конференция 3 бағыт бойынша жұмыс жасады.
· Қазіргі замандағы музыкалық білім саласындағы мәселелер
· Бастауыш білім беру. Шығармашылық тәсіл және оқытудың ерекшелігі.
· Оқушыны дамытудың әдістері мен тәсілдері.
Конференция барысында оқушылар арасында техникалық шеберлік байқауы болып өтті.
Конференция қатысушылары сала бойынша ғылыми-зерттеушілік қызметінің дәрежесін көтеру және музыкалық білім саласында ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері жайында талқыланды.