Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
20-10-2022 17:31
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қазан айының 20-ы күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «RoboLand-2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VII фестивалін өткізу туралы;
  • Күзгі мектепті ұйымдастыру туралы;
  • Әдіскерлердің ақпараттандыру жөніндегі жұмыс тобын бекіту туралы;
  • Бұқаржырау ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.

Әдістемелік күнге 24 маман қатысты.