Размер шрифта:
«Үздік туристік бағыт» облыстық жобалар байқауы
21-10-2022 17:16
«Үздік туристік бағыт»  облыстық жобалар байқауы

      2022 жылдың 20  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Балқаш сервис колледжімен    бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының студенттері арасындағы облыстық қашықтықтан «Үздік туристік бағыт» жобалар байқауынөткізді.

Байқауға Қарағанды облысының 5 колледжі  қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысында    номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік танымдық маршрут»:

Тарасюк Иван,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті,«Бұл қалай болды»  жобасымен,  жетекшісі  Летяга Виктория Наильевна;

«Үздік қалалық маршрут»:

Василькова Карина, Кирчикбаева Шаима, Жумабек Аяжан,   «Қазтұтынуодағы Қарағанды  университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ студенттері, «Менің қалам - менің өлкем»  жобасымен,  жетекшісі Алимбекова Макпал Муратовна;

«Демалыс күндерінің ең жақсы бағыты»:

Саудабаев Бекет, «Теміртау техникалық колледжі» КММ студенті, «Теміртаудағы белсенді демалыс»  жобасымен,  жетекшісі  Ибетуллова Елена Александровна;

«Үздік экологиялық маршрут»:

Мажит Акулпек, Құрман Томирис «Қазтұтынуодағы Қарағанды  университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі» ЖММ студенттері, «Табиғатты қорғау - баға жетпес сыйлық» жобасымен,  жетекшісі  Комарзина Нурбану Болатовна.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.