Размер шрифта:
«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкинг
21-10-2022 17:23
«Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкинг

      2022 жылдың 21 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкингі онлайн форматта өтті. «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ педагогтері іс-тіжірибелерімен бөлісті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерменбетова Г.О. бейіндік жобаның мақсат, міндеттері мен жүргізілу барысына тоқталды. 

Психолог – Тлеуберлина А.Г. оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін зерттей отырып, мамандық таңдауға көмегін беретін  сауалнамалар мен тренингтер жүргізілгенін атап өтті.

Мектеп-лицейіміздің кәсіби бағдарлаушы педагог- Алгадаева Г.С. жоба аясында жүргізілген жұмыстарға, яғни педагог мамандығына қызығушылығы бар оқушылармен еріктілер тобын жасақтап, алып асулар кішкентай қадамнан басталатынын ұғындыра отырып, қайырымдылық шараларға қатыстырады. Директордың  кәсіби бағдар беру ісінің орынбасары Буденова С.К.  мектеп-лицейдегі өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Нетворкингке 40 педагог қатысты.