Размер шрифта:
«Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі колледждердің жас педагогтеріне арналған облыстық семинары
21-10-2022 08:47
«Алға қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі  колледждердің жас педагогтеріне арналған облыстық семинары

      2022 жылдың 21 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжімен бірлесіп «Алға қадам» жобасын іске асыру аясында облыс колледждерінің жас педагогтеріне «Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында семинар өткізді.

ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 70-тен астам жас педагогтері қатысты.

Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері оқу процесінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану және оқу жетістіктерін бағалау бойынша өз тәжірибелерін ұсынды:

- Тусупбаев А.Т., Елибаева-Мухтар А. М., Сырбаева Н. Б., «Киберпедагогика -XXI ғасырдың білім беру талабы» тақырыбында;

- Абильдина Б.К., Тусупбаева А. К., «Оқу жетістігін бағалау – сапалы білім өлшемі» тақырыбында.