Размер шрифта:
«Жұмыспен қамту және мансап орталықтары жұмысының тиімділігі» облыстық семинары
21-10-2022 07:54
«Жұмыспен қамту және мансап орталықтары жұмысының тиімділігі» облыстық семинары

      2022 жылдың 21  қазанында ZOOM платформасында   «Жұмыспен қамту және мансап орталықтары жұмысының тиімділігі» тақырыбындағы  колледждердегі  кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты  тұлғаларға арналған  облыстық семинары  өтті.

Семинарда жетекші колледждердің мамандары сөз сөйледі:

Данияр Асқарұлы Шидербеков,«Теміртау индустриалды- технологиялық  колледжі» КММдиректорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Жұмыспен қамту және мансапты арттыру орталығының жұмысын ұйымдастыру туралы» тақырыбында;

Спанова Надия Калиевна, «Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ  кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің бастығы, «Жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің алғашқы қадамы ретінде тәжірибені ұйымдастыру туралы» тақырыбында;

Тусупбеков Аян Амантаевич,  «Қарағанды индустриалды-технологиялық  колледжі» КММдиректорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары,«Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталығының тиімділігі» тақырыбында.

Спикерлер жұмыспен қамту және мансап орталықтарының жұмысын ұйымдастыру қалай жүзеге асырылатыны, осы орталықты құру және оның жұмыс істеуі кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және мансап орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасы ұсынылды.

Кәсіптік бағдар жұмысына жауапты 56 педагог қамтылды.