«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «БЖБ», «ТЖБ» тапсырмаларын құрастыру және өткізу ерекшеліктері» оқыту курсы
31-10-2022 23:10
«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»  пәндері бойынша «БЖБ», «ТЖБ» тапсырмаларын құрастыру және өткізу ерекшеліктері» оқыту курсы

      2022 жыл 31 қазан  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Күзгі мектеп аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «БЖБ», «ТЖБ» тапсырмаларын құрастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында  оқыту курсын өткізді. 

Аталған шараны  ұйымдастырып өткізуге Қарағанды қаласындағы «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Намазбаева Жанар Жаксылыковна, Садвакасова Кулимжан Кииковна, Тусенова Бақытжан Казкеновна, Тлеубергенова Жанар Сайлауовна және гимназия психологі Туякбаева Дана Кабдырашевна, «Шәкәрім атындағы гимназиясы»  КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубекова Құралай Төлепбергенқызы, Бұқар жырау ауданы «Үштөбе ТМ» (РО) КММ қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі  Кусаинова Жанар Шарыповна, Қарағанды қаласы  № 74 ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Абикеева Нургуль Кайркеновна  өз тәжірибелерімен бөлісіп, теориялық білім беріп, практикамен  ұштастырды. Семинар барысында мұғалімдер арасында пікірталас ұйымдастырылып, өз ойларымен  бөлісті.

Оқыту курсына 300-ге жуық облыс педагогтері қатысты.