Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
![Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн](/media/img/blogs/636de5874fff8.jpeg)
2022 жылдың 11 қарашада Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- «ROBOLAND-2022»VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің қорытындысы;
- «Жыл мұғалімі» облыстық байқауын ұйымдастыру туралы;
- «Балалар үшін қауіпсіз кеңістікті қалыптастыру» облыстық вебинарын ұйымдастыру туралы;
- «Үздік жыл психологы-2022» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізуді талдау.
Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 61 әдіскері қатысты.