Размер шрифта:
Бастауыш сыныптарда функционалдық оқу сауаттылықты қалыптастыру
10-11-2022 22:22
Бастауыш сыныптарда функционалдық оқу  сауаттылықты қалыптастыру

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен2022 жылдың 10 қарашасында бастауыш сынып мұғалімдері ассоциациясының жұмысы аясында «Бастауыш сыныптарда функционалдық оқу сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында жас маман мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақөткізілді.

Шеберлі сабақ барысында Қарқаралы ауданы мен Саран қаласының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар», «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттырудың жолдары», «Бастауыш сыныптағы қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулу», «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын арттырудың белсенді әдіс-тәсілдері», «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы жаратылыстану пәнінен зерттеу жұмыстары» тақырыптары бойынша педагогтер озық және тиімді әдіс-тәсілдерді жас мамандармен бөлісіп, іс-тәжірибелерін ортаға салды.