2022 жылдың 27 қазанында ZOOM платформасында «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы шеңберінде «Студенттің құқықтық ойлауын қалыптастырудағы педагогикалық идеялардың панорамасы» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Кариполла А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК әдіскері, «Оқу үдерісін цифрландырудың маңыздылығы» тақырыбында;
2. Сулейменова А.Е., «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құқықтық пәндер оқытушысы, «Электрондық оқулық оқу-әдістемелік кешен ретінде» тақырыбында;
3. Ахмадиева М.Н., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құқықтық пәндер оқытушысы, «Sanaly urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру элементтерінің бірі ретінде» тақырыбында;
4. Назарова А.А., «Фемида» Жоғары заң колледжі» ЖШС Құқықтық пәндер оқытушысы, «Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу»; тақырыбында;
5. Шалгынбаева К.С., Дарменова С.А., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары, «Жастардың құқықтық мәдениетін арттырудағы пікірталас қозғалысының рөлі туралы» тақырыбында.
Семинарға колледждердің 25 педагогі қатысты.