2016 жылдың 28 қаңтар күні Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ базасында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қызметі арнайы білім берудің алғашқы сатысы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қызметіне қатысты сұрақтар, мәселелер мен оны шешудің тиімді жолдары талқыланды. Әсіресе ПМПК-тің Қарағанды облысындағы арнайы (түзету) білім беруші ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу сұрақтарына баса назар аударылды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Абишева Г.З.,Дауытбаева У.Т., Қарағанды Облыстық балалар психо-неврологиялық диспансерінің емдеу ісі бойынша директордың орынбасары Брико И.В., Қарағанды облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің мамандары Ержолова Ж.А., Сабирова А.К., Караваева А.В., Қарағанды облысының арнайы (түзету) білім беруші ұйымдарының директорлары қатысты.