«Білімал. ПедАтт» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша оқыту семинары
14-11-2022 17:24
  «Білімал. ПедАтт» автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша  оқыту семинары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қараша айының 11 және 14 күні  «Білімал. ПедАтт» жүйесі бойынша оқыту семинарын білім беру ұйымдарының әкімшілері, педагогтері, директорлары, аттестаттау комиссиясының хатшылары үшін ZOOM конференциясында онлайн форматында өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.Б. Исабаева жүргізді.Тыңдаушылардың сұрақтарына облыстық сараптама кеңесінің хатшысы А.З.Мухамедьярова жауап берді.

Онлайн-оқыту семинарға 1800 адам қатысты.