«Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинар
![«Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинар](/media/img/blogs/6374259094869.png)
2022 жылдың 15 қарашасында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директордың тәрбие орынбасарларына арналған «Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде іс-тәжірибе тарату семинарын өткізді.
Семинар спикерлері Қарағанды қаласының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:Есебаева Орынкүл Жанұзақовна,«Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ; Мусаева Динара Мейрамовна, «№91 ЖББМ» КММ; Балапанова Жанаркул Сагатбековна, «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ; Римшелите Марите Зенено, «Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия».