2022 жылдың 15 қарашасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Оқуға құштар колледж»тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша вебинар өткізілді.
Баяндамашылар жұмыс тобының мүшелері, облыс колледждерінің жетекші кітапханашылары:
-«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы туралы», Сулейменова Аймагуль Жастлековна, кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
-«Поэзияның сиқырлы жолдары: «Стихия» кітабының премьерасы», Сошникова Марина Александровна, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ кітапхана меңгерушісі;
-«2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар және алдағы іс-шаралар туралы», Горяйнова Татьяна Ивановна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК кітапхана меңгерушісі;
-«Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде кітап оқуды насихаттау», Шоменбаева Салтанат Сакеновна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК кітапхана меңгерушісі.
Шараға 45 кітапханашы және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.