«Авторлық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді
15-11-2022 15:55
«Авторлық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді

        Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2022 жылдың 15 қарашасында Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебі(РО)» КММ педагогтері үшін «Авторлық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді. Барлығы 15 педагог қатысты.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • Облыстық сараптамалық кеңесте қаралатын оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптар;
  • Білім беру ұйымдарында іске асырылатын оқу жоспарының вариативті бөлігінің бағдарламаларын құрастыру.