Размер шрифта:
«Шағын кәсіпкерліктегі жастар» бизнес-идеялар байқауы
15-11-2022 15:59
«Шағын кәсіпкерліктегі жастар» бизнес-идеялар байқауы

       2022 жылдың 15  қарашасында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен   бірлесiп қаржылық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы үздік студенттік Бизнес идеялардың  «Жастар - шағын бизнеске» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің бизнес-жоспарларының презентацияларын ұйымдастыру, бизнес-идеялар мен бизнес-жоспарлардың тәуелсіз сараптамалық бағасын алу арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамыту.

Байқауға 20-данастамколледж қатысты, 31 жоба ұсынылды.

Байқау 2 кезеңде өтті, әділ-қазылардың шешімі бойынша 2-кезеңге ең үздік деген 17 жоба ғана  өтті.

Студенттердің Бизнес-жобалары мобильді қосымшаны құрудан,

Байқауға қатысқан студенттердің бизнес-жобалары мобильді қосымшаны құрудан,

экскурсиялық турлар мен жаяу экскурсияларды ұйымдастырудан бастап экотовар өндіруге дейін әр түрлі болды.

Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысы бойынша бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Сауда және қызметтер»

Баязит Гаухар, Оразбай Айсара, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММстуденттері, «IHSAN» тігін орталығы жобасымен,  жетекшісі Арипбек Жангул Абдуллакызы;

Логинов Даниил, Уланова Ангелина, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК студенттері, «Рәсімдік кабинеттердің франшизасы» жобасымен,  жетекшісі Сарсембаева Айнур Крымбаевна;

«Өндіріс»

Аимбетова Дилара,«Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММстуденті, «Экотовар өндірісі»жобасымен,  жетекшісі  Киштаева Жанар Арслановна;

Кокей Фарида, Умиржан Ақбота, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенттері,  «Массаж салоны» жобасымен,  жетекшісі Масалова Оксана Юрьевна;

«Байланыс, ақпарат, білім» 

Чернышов Виталий, Ибраев Нуртай, Поповская Ирина,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКстуденттері,  «HeartBeat» мобильді қосымшасыжобасымен,  жетекшісі  Сулейменова Аймагуль Жастлековна;

«Туризм және экология»

Болаткан Нурай, Болатова Әдемі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММстуденттері,  «Этно-спорт лагері»,  жобасымен,  жетекшісі  Садырбаева Разия Турсуновна.

Жеңімпаздар дипломдармен, финалистер Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.