2022 жылдың 15 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен бірлесiп қаржылық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы үздік студенттік Бизнес идеялардың «Жастар - шағын бизнеске» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: студенттердің бизнес-жоспарларының презентацияларын ұйымдастыру, бизнес-идеялар мен бизнес-жоспарлардың тәуелсіз сараптамалық бағасын алу арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігін дамыту.
Байқауға 20-данастамколледж қатысты, 31 жоба ұсынылды.
Байқау 2 кезеңде өтті, әділ-қазылардың шешімі бойынша 2-кезеңге ең үздік деген 17 жоба ғана өтті.
Студенттердің Бизнес-жобалары мобильді қосымшаны құрудан,
Байқауға қатысқан студенттердің бизнес-жобалары мобильді қосымшаны құрудан,
экскурсиялық турлар мен жаяу экскурсияларды ұйымдастырудан бастап экотовар өндіруге дейін әр түрлі болды.
Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысы бойынша бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Сауда және қызметтер»
Баязит Гаухар, Оразбай Айсара, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММстуденттері, «IHSAN» тігін орталығы жобасымен, жетекшісі Арипбек Жангул Абдуллакызы;
Логинов Даниил, Уланова Ангелина, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК студенттері, «Рәсімдік кабинеттердің франшизасы» жобасымен, жетекшісі Сарсембаева Айнур Крымбаевна;
«Өндіріс»
Аимбетова Дилара,«Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММстуденті, «Экотовар өндірісі»жобасымен, жетекшісі Киштаева Жанар Арслановна;
Кокей Фарида, Умиржан Ақбота, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенттері, «Массаж салоны» жобасымен, жетекшісі Масалова Оксана Юрьевна;
«Байланыс, ақпарат, білім»
Чернышов Виталий, Ибраев Нуртай, Поповская Ирина, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКстуденттері, «HeartBeat» мобильді қосымшасыжобасымен, жетекшісі Сулейменова Аймагуль Жастлековна;
«Туризм және экология»
Болаткан Нурай, Болатова Әдемі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММстуденттері, «Этно-спорт лагері», жобасымен, жетекшісі Садырбаева Разия Турсуновна.
Жеңімпаздар дипломдармен, финалистер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.