Размер шрифта:
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
17-11-2022 17:17
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың қараша айының 17-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

-        «Болашақ инженерлері» жобасы аясында оқыту курсын ұйымдастыру туралы;

-         «Python тілінде бағдарламалау негіздері» курсының бағдарламасы;

-        Осакаров ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну;

-        Нұра ауданының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну;

-        Приозерск қаласының білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсыну.

Әдістемелік күнге 22 маман қатысты.