2016 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептеріне арналған«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану» тақырыбында семинарұйымдастырды. Семинарға 40 адам қатысты: қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мамандандырылған мектеп-интернаттарының әдістемелік бірлестік жетекшілері.
Қазақстан Оқу Ассоциациясының тренері Нуржанова Ш.У. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке қатысушылар қосымша білім алып, топта өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында Саран, Шахтинск қалалары және Абай, Шет, Жаңаарқа, Осакаров аудандарының мұғалімдері сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.