Размер шрифта:
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
18-11-2022 15:34
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2022 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, математика, биология және физика мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «Жаратылыстану-математикалық бағыты сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясы» тақырыбында нетворкинг өткізді.Нетворкинг барысында Балқаш қаласының «Зияткер «мамандандырылған мектеп-лицей» КММ математика, биология және физика мұғалімдері оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру мен дамытудың әртүрлі нұсқаларын ұсынды: тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар, математика, биология және физика сабақтарында сыни ойлауды дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер тәжірибелік тұрғыда талданды.

Нетворкинг барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

-  Сериков Абай Жанатович, физика пәнінің мұғалімі;

-  Жұмырова Арайлым Амандыққызы, биология пәнініңмұғалімі;

-  Мұхамбет Мөлдір Мәдиқызы, математика пәнініңмұғалімі.

Қатысушылар саны 47 адамды құрады.