Размер шрифта:
«Даму» шеберлер мектебі» жобасын іске асыру бойынша онлайн отырыс
22-10-2022 23:43
«Даму»  шеберлер мектебі» жобасын іске асыру бойынша онлайн отырыс

      2022-2023 оқу жылынан бастап тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, табысты педагогикалық практикаларды тарату, колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ҚО ББДОӘО облыс ТжКОБ ұйымдарының «Педагог-зерттеуші», «Педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтарды тарта отырып, «Даму» шеберлер мектебі» жаңа жобасын іске асыруда. Осыған байланысты, 2022 жылдың 22 қазанында ZOOM платформасында «Даму» шеберлер мектебі» жобасын іске асыру бойынша онлайн отырыс өтті. Кеңесте облыс колледждерінің 25 педагогтары қатысты. Кеңес шеңберінде жоба, мақсаттары, міндеттері ұсынылды, іске асыру мерзімі белгіленді. Жұмыс тобын құру, «Педагог-зерттеуші», «Педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтар арасында дөңгелек үстел өткізу туралы мәселелер талқыланды.

 Отырыс қорытындысы бойынша жобаны одан әрі іске асыру жоспары ұсынылды.