Размер шрифта:
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың зияткерлік-эвристикалық қабілеттерін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел.
02-11-2022 22:48
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың зияткерлік-эвристикалық қабілеттерін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел.

2022 жылдың 02 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен, Қарағанды облысы педагогтерінің қауымдастығымен орыс тілі мен әдебиетінің жас педагогтеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың зияткерлік-эвристикалық қабілеттерін дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды:

1. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың интеллектуалдық-эвристикалық қабілеттерін дамыту», С.М. Цемох, орыс тілі мен әдебиеті Қауымдастығының төрағасы,  Н. Нұрмақов атындағы ММИ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

2. «Эвристикалық оқыту технологиялары», Р.К. Кадирова, Жамбыл атындағы ММЛИ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

3. «Эвристикалық әдістер және оларды орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жүзеге асыру», Н.В.Иванова, Қарағанды қ.  "№ 95 мектеп – гимназиясы" КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

4. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың эвристикалық қабілеттерін дамыту», А.С.Тұрлыбекова, Қарағанды қ. "№53 мектеп-лицей" КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Спикерлер:

5. «Білім алушыларды топтық жобалық қызметке дайындау және оны жүзеге асыру»,  А.И. Винокурова, Ақтас кентінің "№ 13 ОМ" КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

6. «Оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметі», А. А. Темирова, Н. Нұрмақов атындағы ММИ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер мұғалімдерді оқушылармен әрі қарай жобалық және олимпиадалық іс-шараларға ынталандыруға ықпал етті.