2016 жылдың 28 қаңтарында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік кабинеттердің ролі» атты республикалық әдістемелік семинар өтті.
Семинардың жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ, әдістемелік орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, білім басқармаларының өкілдері, Академия қызметкерлері қатысты.
Семинардың жұмысын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жылбаев Ж.О. ашты.
Семинардың бірінші бөлімінде Академия қызметкерлері келесі бағыттар бойынша: білім беру мазмұнын жаңарту, шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға өңірлердің қатысуы туралы, ҚР 2015-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру, оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру бойынша Академияның қызметі (2015-2020 жылдары), Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА баспа қызметі туралы баяндамалар жасады.
«Оқушыларды сырттай бағалау нәтижелерін әдістемелік қызметтердің/бірлестіктердің жұмысында пайдалану» тақырыбындағы баяндаманы «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ Орта білімді дамыту департаменті директорының орынбасары Мусина Жаннат Зарлыққызы жасады.
Семинардың екінші жартысында әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің тәжірибе алмасуы жүзеге асты. Өздерінің баяндамаларында директорлар әдістемелік орталықтарының, кабинеттерінің даму перспективалары мен жұмыстарын талдауға салды.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмысы мен даму перспективалары туралы орталық директоры Қожахметова Г.Ш. баяндама жасады.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.