Қалалық/аудандық білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында ОБЛЫСТЫҚ «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2022» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ.
2022 жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен қалалық/аудандық білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі өз жұмысын бастады.
Байқауға 13 педагог қатысуда.
Байқаудың екінші кезеңіндеқатысушылар облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының және Қарағанды қаласының Шәкәрім атындағы гимназиясының базасында өз пәндері бойынша сабақ өткізеді, сондай-ақ «Білім, еңбекқорлық және патриотизм - білім берудің маңызды құндылықтары» тақырыбында сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.
Жеңімпаздар байқаудың ІІІ кезеңіне жолдама алады. Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз!