Инновациялық мектептердің директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
22-11-2022 09:57
Инновациялық мектептердің директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 22 қарашасында онлайн режимде инновациялық мектеп директорлары және директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.Әдістемелік күн барысында «Зейін» жобасы аясында фунционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шара, эстетикалық сауаттылық апталығының қорытындысы жайлы пікір алмасты. Орталықтың әдіскері С.К. Толепбекова география, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» байқауының қорытындысы туралы ақпарат берді.