Размер шрифта:
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қорытындылары
04-11-2022 08:04
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қорытындылары

      2022 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау туризм колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Holiday Inn қонақ үйі базасында ТжКОББ ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіптік шеберліктің II республикалық конкурсы өтті.

Кәсіби шеберлік конкурсы өз шеберлігін көрсетуге, өз мамандығы бойынша үздік болуға мүмкіндік беретін беделді мамандық конкурстарының бірі болып табылады.

Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және республикамыздың 13 облыс ұйымдарының 61 педагогтері қатысты. Қарағанды облысын колледждердің 5 педагогы таныстырды. Бұл –«Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ.

Конкурстық тапсырмаларды Ресейден келген сертификатталған сарапшылар, кәсіби шеберліктің бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының құзыреттері бойынша бас сарапшылар, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша педагогтер келесі жүлделі орындарға ие болды:

«Қонақ үй әкімшілігі» құзыреті бойынша

III орын -Хамзина Адина Сериковна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ ағылшын тілінің оқытушысы

«Наубайшы ісі» құзыреті бойынша

Медальон- Даулетова Гульзираш Орлановна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері 

«Киімді үлгілеу» құзыреті бойынша

Медальон- Тусупбаева Акбота Рамазановна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері

Сонымен қатар номинациялар бекітілді:

«Аспаз ісі» құзыреті бойынша

«Үздік аспаз» номинациясы - Үрпатшаева Зарина Махсутқызы, «Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММ өндірістік оқыту шебері

«Мейрамхана ісі» құзыреті бойынша

«Үздік Skill test» номинациясы - Аксамит Маргарита Юрьевна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!