Размер шрифта:
Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай «Мәңгілік Ел» идеясы мен Әлихан мұрасының арасындағы сабақтастықты насихаттау мақсатында «АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
28-01-2016 12:09
Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай «Мәңгілік Ел» идеясы мен Әлихан мұрасының арасындағы сабақтастықты насихаттау мақсатында «АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

    2016 жылдың 28-қаңтары күні Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай «Мәңгілік Ел» идеясы мен Әлихан мұрасының арасындағы сабақтастықты насихаттау мақсатында «АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында педагог қызметкерлердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

     Конференцияға ЖОО ғалымдары, «Алаш» мәдениет және рухани даму институты,«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы, колледж оқытушылары,  Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарының педагог қызметкерлері қатысты.

  Пленарлық мәжілісте:

    Әлихан мұрасын зерттеуші, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры - Сұлтанхан Аққұлы;

    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ғылыми қызметкері - Қайырбек Кемеңгер;

    Л.Гумилев атындағы ЕҰУ филология ғылымының докторы, профессор - Жұмағұлов Сағынбай;

    Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ т.ғ.к, профессор, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры - Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы;

    ҚарМУ т.ғ.к, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері - Шотбакова Ляззат Касымовна;

    Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент - Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы;

    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтоғай аудандық бөлімшесінің төрағасы - Тұңғышбай Мұқан;

     Павлодар облысы, №3 Успен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі, тарих магистрі - Сатыбалдинов Ерлан;

    Қарағанды қаласы, «Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ» КММ, мектеп директоры - Жалелов Абылай;

    Балқаш қаласы, Жалпы білім беретін №24 орта мектебінің мұғалімі - Шолакова Лаззат мазмұны баяндама жасады.

   Конференцияның ІІ бөлімінде (сағат 14.00 - 16.30 дейін) шараға қатысушылар Долинка кентінде орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайына саяхат жасап, құнды деректермен танысса, ғалымдар Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектепте оқушылармен кездесіп, Әлихан жайлы жас жеткіншектермен пікір алмасты.