Размер шрифта:
"Мектепте Медиация қызметінің қызметін ұйымдастыру" семинары
24-11-2022 00:33

      2022 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарыныңмедиация қызметіне жауапты педагогтеріне арналған «Мектепте медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбында іс-тәжірибемен алмасу семинарын өткізді.

Семинарда іс-тәжірибемен бөліскен Балқаш қаласының «№ 24 мектеп-интернаты» КММ, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ.

Семинар спикерлері: Мусина Альмира Калкамановна, мектеп директоры, кәсіби медиатор, жаттықтырушы; Ерубаева Риза Бериковна, кәсіби медиатор; Маулетова Индира Омаржановна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комедиатор; Кулымжанова Гулжан Мауленовна, педагог-психолог, комедиатор.